ШЫМКЕНТ: жыл соңына дейін жастарға арендалық 888 пәтер беріледі

0
1 057

35 жасқа дейінгі азаматтар жастар санатына еніп, баспанамен қамтылуда мемлекеттік қолдауға ие болады.


ШЫМКЕНТ: жыл соңына дейін жастарға арендалық 888 пәтер беріледі

Шымкент қаласында 2023 жылдың соңына дейін жұмыс істейтін жастарға арналған арендалық бағытта 888 пәтер беріледі, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы қаладағы ақпараттық коммуникациялық орталықта өткен брифингте Шымкент қаласы Тұрғынүй басқармасының басшысы Өтебаева Жанат Өмірсейітқызы айтты.

Биылдан бастап 35 жасқа дейінгі азаматтар жастар санатына еніп, баспанамен қамтылуда мемлекеттік қолдауға ие болады. Мемлекеттік жастар саясаты жөнінде қабылданған заң бірнеше жаңа нормаларды қамтиды.
Бағдарламаға қатысушыға қойылатын негізгі талаптар:
▪️Жұмыс істейтін және 35 жасқа толмаған Қазақстан Республикасының азаматы болса;
▪️өтініш берушінің ай сайынғы табысы 40 АЕК (айлық есептік көрсеткіш) тен кем емес болуы (соңғы 6 ай ішіндегі);
▪️тұрғылықты мекен-жайы Шымкент қаласында үш жыл болуы;
▪️иеліктерінде соңғы 5 жылда ҚР аумағында тұрғын үй тіркелмеуі.
Шымкент қаласында әзірге жастар бағдарламасы басталған жоқ. Бұл бойынша алдын ала БАҚ-та және әлеуметтік желіде хабарландыру жарияланатын болады.