Олар 32 және 45 жастағы екі медбике, 21 жастағы санитар.
Шымкент қаласында 3 медицина қызметкері корнавирус инфекциясын жұқтырған, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Бұл туралы бүгін Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Айгүл Бекбауова баспаөз жиынында мәлімдеді.
"Кеше жұқпалы аурулар аураханасындағы реанимациялық бөлімінен 3 қызметкердің коронавирус жұқтырғандығы анықталды. Олар 32 және 45 жастағы екі медбике, 21 жастағы санитарка. Бұл медицина қызметкерлерінде ешқандай ауру белгілері жоқ.Олардың денсаулық жағдайы қанағаттанарлық.",- деді Айгүл Бекбауова.
Естеріңізге сала кетейік, 17 сәуірдегі ақпарат бойынша Шымкент қаласында коронавирус жұқтырғандар саны 46-ға жеткен.