Қала аумағындағы жеке қосалқы шаруашылықтардың жұмыстары жандануда.
Шымкент қаласында ауыл шаруашылығы кооперативтері жоғары деңдейде дамуда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Қазіргі таңда жалпы құрылған Ауыл шаруашылығы кооперативтер саны 52 болса, олардың құрамына 27 заңды тұлғалар мен шаруашылықтар, 507 жеке қосалқы үй шаруашылықтары қосылған.
«SILK WAY SAYRAM» АӨК және «TURAN Agroproduct» АӨК өткен жылы мал шаруашылығы саласында жаңадан іске қосылған. Ағымдағы жылы осы бағытты дамыту үшін шаруашылықтармен және жеке қосалқы шаруашылықтарды біріктіре ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру үшін арнайы жиналыстар ұйымдастырылып елді мекендерде түсіндірме жұмыстары жүргізілген болатын.
Нәтижесінде 6 ауыл шаруашылығы кооперативтері құрылып, қала аумағындағы жеке қосалқы шаруашылықтардың жұмыстары жандануда.
«SAIRAM CUT» АӨК, «Асия Агро» АӨК, «Салиев Аскар агро» АӨК, «Мейіржан агро» АӨК, «NUR AGRO» АӨК, «Бек-Тас Шым» АӨК ауыл шаруашылығы кооперативтерде жыл басынан өндірілген сүт көлемі 3 мың тоннаға жетіп, жеке қосалқы шаруашылықтарда өндірілген өнімнің нарыққа шығуына зор үлесін қосты.
Бүгінде аталған ауыл шаруашылығы кооперативтері қаланың сүт өндірісін ұлғайтуда. Өндірілген сүтке мемлекеттік қолдау көрсетілуде. Атап айтқанда жыл басынан «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау» бағдарламасымен аталған кооперативтерде өндіріліген сүттің 1 литріне 20 субсидия берілуде.