Шымкентте бірқатар аумақтарда көгілдір отын уақытша тоқтатылады

0
536

11 - 13 мамыр аралығында өшіріледі.


Шымкентте бірқатар аумақтарда көгілдір отын уақытша тоқтатылады

Шымкент қаласында 11 - 13 мамыр аралығында бірқатар аумақтарда көгілдір отын уақытша тоқтатылады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Алматы трассасы айналма автожолында орналасқан жоғары қысымды Ду-315 жерасты газ құбырына қосымша ажырату құрылғысын орнату үшін жоспарлы жұмыстар жүргізіледі.
Осыған байланысты, Бозарық елді мекені, Өтегенов көшесі, Солтүстік шығыс шағын ауданы, Юсупов көшесі, Асар елді мекені, Қайтпас-2 елді мекенінде уақытша табиғи газ өшіріледі.