Шымкентте ер адам аттракционда көз жұмды

0
650

50 жастағы ер адам «Балға» аттракционына мінген.


Шымкентте ер адам аттракционда көз жұмды

ERNUR.KZ. Қайғылы оқиға 22 қыркүйекте кешкі сағат тоғыз шамасында «Қиял әлемі» технопаркінде болды, деп жазады otyrar.kz.

50 жастағы ер адам «Балға» аттракционына мінген кезінде ауырып қалған. Оқиға орнына жедел жәрдем келгенімен дәрігерлер ер адамды құтқарып қала алмады. Өлімнің себебі инфаркт болып отыр.

Куәгерлердің айтуынша, технопарк қызметкерлері алғашқы медициналық көмек көрсете алмаған, оларда алғашқы медициналық көмек жинағы болмаған.

Саябақ қазір жабық, құқық қорғау органдары қайғылы жағдайдың мән -жайын анықтап жатыр.

Бұл «Қиял әлемі» технопаркінде болған бірінші оқиға емес. Осы жылдың мамыр айында 17 жастағы жасөспірім оқыс оқиғадан қаза тапқан болатын. Бір нұсқа бойынша, ол ойын-сауық саябағында штаттан тыс жұмыс істеген. Жас жігіт аттракционның металл конструкцияларына көтерілгенде, құлап түскен. Жас жігіт жедел жәрдем келгенше қайтыс болған болатын.