Шымкентте газ иісінен уланған екі адам көз жұмды

0
1 177

Аталған оқиға Шымкент қаласындағы "Теріскей" шағынауданындағы көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде болған.


Шымкентте газ иісінен уланған екі адам көз жұмды

фото ашық дереккөзден

Шымкент қаласында көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде үш адам газ иісінен уланып қалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Газды иістің салдарынан екі әйел адам көз жұмып, ер адам ауыр халде ауруханаға жеткізілген. Бұл туралы қаладағы газ тарату мекемесінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Орны толмас өкінішті жағдай күні кеше 1-мамыр күні сағат 21-лерде болған. Шымкент қаласындағы "Теріскей" шағынауданындағы көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде газ иісі тараған. Мамандар пәтерден 1972 жылы туған әйел адамның және 19 жастағы қыз баланың мәйітін тапқан. Пәтерде газ иісінен уланып қалған үшінші адам ауыр халде ауруханаға жеткізілген. 1998 жылы туған 21 жастағы жігіт қазір ем қабылдап жатыр.

«Оқиға орнына келген газға жауапты мамандар пәтерде су жылыту қондырғысының рұқсатсыз орнатылғанын анықтаған. Су жылытқыштың мұржасы сыртқа емес, қабырғаға қарай орнатылған»,- деп мәлімдеді Шымкентте газ тарату мекемесінің баспасөз қызметі.