Шымкентте кептірілген марихуана сатпақ болған адам ұсталды

0
724

Есірткі заттарын заңсыз сақтау және өткізу, бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.


Шымкентте кептірілген марихуана сатпақ болған адам ұсталды

Кептірілген марихуананың үш сіріңке қорабын өткізгені үшін Түркістан облысының тұрғыны ұсталды, – деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Жедел іс-шаралар нәтижесінде, Шымкент қаласы Қаратау ауданының аумағында Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен жалпы салмағы 11,67 грамм 24000 теңге тұратын “кептірілген марихуананы” үш сіріңке қорабына салып, өткізгені үшін Түркістан облысының тұрғыны ұсталды.

Осыған байланысты ҚР ҚК 297-бабының 1-бөлігі, яғни есірткі заттарын заңсыз сақтау және өткізу, бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.