Ұсталған азамат психоневрологиялық диспансерде есепте тұрады екен.
фото: әлеуметтік желіде тараған видеодан алынды
Шымкент қаласында мектеп аумағында тыр жалаңаш жүрген ер адам ұсталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Бұл туралы Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
“Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасының учаскелік инспекторлары таңертең мектеп аумағында жалаңаш жүрген ер адамды анықтады. Азамат Шымкент қаласының тұрғыны”, - делінген баспасөз хабарламасында.
Қалалық полиция басқармасының мәліметінше, аталған азамат психоневрологиялық диспансерде есепте тұрады екен. Бір ай бұрын ер адам ауруханадан шығарылған көрінеді. Бүгін ол қайтадан ауруханаға жатқызылыпты.