Қазіргі таңда жұмыспен қамтылған азаматтардың саны 50-ге жақындап қалған.
иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден
Шымкентте мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін «Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» қаулы бекітілген, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Атап айтсақ, ҚР 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 27-ші бабы, 1-тармағының, 1 тармақшасына сәйкес жұмыс орындары санының 2,4 пайызға дейінгі мөлшерінде мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін, Шымкент қаласы әкімінің 20.03.2019 жылы № 245 «Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» қаулысын бекіткен болатын.
Сондай-ақ, аталған қаулы аясында, жұмыс берушілердің мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыруы бойынша 2019-2020 жылға 16 мекемеден 100 орын бекітіліп, жұмыспен қамту орталығынан бос жұмыс орындарын сұрату бойынша хат жолданған.
Нәтижесінде, қазіргі таңда Шымкент қаласындағы бірқатар мүмкіндігі шектеулі азаматтар бекітілген мекемелерге, нақтырақ айтсақ:
• «Шымкент қаласының балалар клиникалық ауруханасына» ІІІ-топтағы 11;
• «Бал Текстиль» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне 5 орын бекітіліп, орталық арқылы ІІІ-топтағы 6;
• Шымкент қаласы білім басқармасының «№7 Қ.Сыпатаев атындағы мектеп лицей» КММ-ге 7;
• Шымкент қаласы білім басқармасының «№39 М.Жұмабаев атындағы орта мектеп» КММ-ге 4;
• Шымкент қаласы білім басқармасының «№77 А.Асқаров атындағы мектеп-лицей» КММ-ге 10;
• Шымкент қаласы білім басқармасының «№98 «Мерей» бөбекжай балабақшасына 2;
• «Қалалық перзентхана» МКК-ға 6 мүмкіндігі шектеулі азаматтар жұмысқа орналасқан.
дереккөз: Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы