Шымкентте өткен тәулікте 131 адамнан коронавирус анықталды

0
320

Оның ішінде 96 белгілері бар болса, 35-нің белгілері жоқ.


Шымкентте өткен тәулікте 131 адамнан коронавирус анықталды

иллюстрациялық сурет: ашық дереккөзден

Шымкентте 2 шілде күні 131 адам КВИ инфекциясын жұқтырды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шымкент қаласы эпидемиологиялық жағдай бойынша «қызыл аймаққа» өтті. Оның ішінде 96 белгілері бар болса, 35-нің белгілері жоқ. 29 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 102 адам үй бақылауына алынды.
Қазіргі таңға мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 1036 орын бар. Төсек орын толымдығы 46%-ды құрайды, 559 төсек орын бос. Инфекциялық стационарда 477 науқас емделуде (КВИ-258, пневмония-219, ЖРВИ-0), жансақтау бөлімінде - 31(8 - ИВЛ,23- НИВЛ).
Жүргізілген зертханалық зерттеулер (ПТР) – 290364, тәулігіне-1631. Бір тәулік ішінде қалада 9663 адам вакцина алды. Бірінші компонентін 5979 адам алса, екінші компоненті 3684 азаматқа егілді. Егу науқаны басталғалы барлығы 273 777 адам вакцинацияланды. Оның ішінде 167140 адам вакцинаның екі компонентін алды.