Шымкентте өткен тәулікте 143 адам коронавирус жұқтырды

0
467

Оның ішінде 46 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 97 адам үй бақылауына алынды.


Шымкентте өткен тәулікте 143 адам коронавирус жұқтырды

иллюстрациялық сурет: ашық дереккөзден

Шымкент қаласында өткен тәуілікте коронавирус жұқтырған 143 жағдай тіркелді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Оның ішінде 46 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 97 адам үй бақылауына алынды. Бұл туралы Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.
Сондай-ақ бір тәулік ішінде қалада 7558 адам вакцина алды (I компонент-4304, II компонент-3254). Егу науқаны басталғалы барлығы 263 358 адам вакцинацияланды. Оның ішінде 159 895 адам вакцинаның екі компонентін алды.
Қала аумағында санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуы бойынша мониторинг жүргізетін 20 мобильдік топ жұмыс атқаруда. 30 маусым күні 201 нысанға тексеру жұмыстары жүргізілді. Оның ішінде 7 нысанда карантин режимінің талаптары бұзылғандығы анықталып, әкімшілік хаттамалар толтырылды (201 кәсіпкерлік нысан).