Шымкентте өткен тәулікте 5 мыңға жуық адам вакцина салдырды

0
368

Егу науқаны басталғалы барлығы 315 332 адам вакциналанды.


Шымкентте өткен тәулікте 5 мыңға жуық адам вакцина салдырды

иллюстрациялық сурет: ашық дереккөзден

Шымкент қаласында өткен тәулік ішінде 4641 адам вакцина алды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Егу науқаны басталғалы барлығы 315 332 адам вакциналанды. Оның ішінде 190 928 адам вакцинаның екі компонентін алды.

11 шілде күні қалада КВИ-дің 264 жағдайы тіркелді. 101 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 163 адам үй бақылауына алынған.
Қазіргі таңда мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 1776 орын бар. Төсек-орын толымдығы – 51 %.
11 шілде күні шаһарда 323 нысанға тексеру жұмыстары жүргізілді. Оның ішінде 9 нысанда карантин режимінің талаптары бұзылғандығы анықталып, әкімшілік хаттамалар толтырылды.
Шымкент қаласында 40-тан астам вакциналау бекеті жұмыс істейді.