Егу науқаны басталғалы барлығы 291 092 адам вакциналанды.
Шымкент қаласында өткен тәулікте коронавирус инфекциясына қарсы 5254 адам вакцина салдырды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Егу науқаны басталғалы барлығы 291 092 адам вакциналанды. Оның ішінде 175 775 адам вакцинаның екі компонентін алды.
Сонымен қатар, 6 шілде күні КВИ-дің 127 жағдайы тіркелді. 87 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 40 адам үй бақылауына алынды.
Қазіргі таңда мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 1416 орын бар (қалалық инфекциялық орталық – 490, «Атамекен» клиникасы – 450, Орынбай ГБОО – 80 орын, №14 емдеу орталығы – 250). Төсек-орын толымдығы 46 %-ды құрайды, 700 төсек-орын бос.
Қала аумағында санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына тұрақты мониторинг жұмыстары атқарылуда. 6 шілде күні 276 нысанға тексеру жұмыстары жүргізілді. Оның ішінде 15 нысанда карантин режимінің талаптары бұзылғандығы анықталып, әкімшілік хаттамалар толтырылды.