Шымкентте өткен тәулікте 9 мыңнан астам адам екпе алды

0
443

Қалада 45 бекетте вакциналау жұмыстары жүргізілуде.


Шымкентте өткен тәулікте 9 мыңнан астам адам екпе алды

Шымкент қаласында өткен тәулік ішінде 9413 адам вакцина алды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Егу науқаны басталғалы барлығы 297 005 адам вакциналанды. Оның ішінде 179 625 адам вакцинаның екі компонентін салдырды.

Сонымен қатар, 7 шілде күні КВИ-дің 133 жағдайы тіркелді. 80 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 53 адам үй бақылауына алынды.
Қазіргі таңда мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 1416 орын бар. Төсек-орын толымдығы – 49 %, 713 төсек-орын бос.
7 шілде күні 319 нысанға тексеру жұмыстары жүргізілді. Оның ішінде 13 нысанда карантин режимінің талаптары бұзылғандығы анықталып, әкімшілік хаттамалар толтырылды.
Қалада 45 бекетте вакциналау жұмыстары жүргізілуде.