Кездесуге 200-ге жуық мектеп оқушысы қатысты.
Шымкент қаласы Еңбекші ауданы полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Бейсенов Жандос Дайрабекұлы №142 мектептің оқушыларымен кездесіп, маңызды профилактикалық жиын өткізді.
Бұл іс-шараның басты мақсаты — жасөспірімдер арасында заң бұзушылықтың алдын алу және олардың құқықтық сауаттылығын арттыру.
Сонымен қатар, Шымкент қаласының полиция департаменті Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2023-2025 жылдарға арналған Кешенді жоспарында көзделген іс-шараларды іске асыру аясында, мүдделі мемлекеттік органдардың қатысуымен білім ордаларында есірткіні қолдану мен нашақорлықтың алдын алу бағытында түрлі профилактикалық жұмыстар жүргізіп келеді.
Осы мақсаттағы кезекті іс-шара «Болашақ» колледжінде жалғасын тапты. Мамандар студенттік жастарға толыққанды ақпарат беріп, жаман әдеттерден аулақ болып, салауатты өмір салтын ұстанып, бос уақытында пайдалы істермен айналысуға шақырды.