Шымкентте тозығы жеткен бірнеше көшелерге жөндеу жүргізіліп жатыр

0
501

Тапсырма аясында жөндеуден өтіп жатқан магистральды көшелердің бірі - Ғ.Иляев көшесі.


Шымкентте тозығы жеткен бірнеше көшелерге жөндеу жүргізіліп жатыр

Шымкент қаласы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, қала ішіндегі тозығы жеткен бірнеше көшелерге жөндеу жұмыстарын жүргізуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Тапсырма аясында жөндеуден өтіп жатқан магистральды көшелердің бірі - Ғ.Иляев көшесі. Жөндеу жұмыстары 2021 жылдан басталған көшеге жаңа асфальт төселіп, екі жағынан аяқ жолдар мен веложолдар салынуда.
- Қазіргі кезеңде Ғ.Иляев пен Қонаев даңғылының қиылысы мен Байтұрсынов көшесінде жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жұмыс барысында жиек тастарын орнату мен қатар аяқ жолдарын орнату көзделуде. Бұл 3.3 шақырымды құрайды. Яғни, Ақпан батыр көшесі мен Бейбітшілік көшесіне дейінгі аралық. Аталған жөндеу жұмыстары 2021 жылы басталған болатын. Қазіргі таңда Ақпан батыр мен Қонаев даңғылына дейінгі аралықта жөндеу жұмыстары аяқталды -, деді автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Қалыбаев Өмір Саметұлы.
Сондай-ақ, Д.Қонаев даңғылы мен Бейбітшілік көшесіне дейінгі аралықтағы жолдарды тамыз айында аяқтау жоспарланған.