Шымкентте тұрғындарға жылыту маусымы кезіндегі қауіпсіздік шаралары түсіндірілді

0
518

Кезекті түсіндірме жұмыстары аудан аумағына қарасты Айна базар орталығында ұйымдастырылды.


Шымкентте тұрғындарға жылыту маусымы кезіндегі қауіпсіздік шаралары түсіндірілді

Шымкент қаласының Еңбекші ауданының Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері мен «Nur Otan» партиясы жанындағы «Jas Otan» Жастар қанатымен бірлесіп «Улы газдың алдын алу» бойынша түсіндірме жұмыстарын өткізді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Кезекті түсіндірме жұмыстары аудан аумағына қарасты Айна базар орталығында ұйымдастырылды. Базарға келушілерге қауіпсіздік шараларының алдын алу бойынша бірқатар түсіндірме жұмыстары айтылып, жадынама парақшалары таратылды. Сондай-ақ, базардағы сертификатсыз перотехникалық бұйымдарды сатуға тиым салынғандығы жөнінде кәсіпкерлерге ескерту жасалынды.

Қысқы маусым кезеңінде тұрғындардың қауіпсіздік ережелерін ескермеуі салдарынан оқыс оқиғалар көптеп тіркелуде.