Шымкентте заңсыз сауда қатарларын реттестіру жұмыстары қолға алынды

0
766

Ретсіз сауда орындарына рейд жүргізілді.


Шымкентте заңсыз сауда қатарларын реттестіру жұмыстары қолға алынды

Шымкент қаласында заңсыз сауда қатарларын реттестіру жұмыстары қолға алынуда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Әл-Фараби ауданы әкімдігі аумағындағы ретсіз сауда орындарына рейд жүргізіліп, оған әкімдік қызметкерлері мен тәртіп сақшылары қатысты.

Бірлесе жүргізілген рейд барысында Рашидов көшесінің бойында ретсіз сауда қатарлары анықталды. Ондағы кәсіпкерлердің мемлекет меншігіндегі жерлерді өз пайдасына пайдаланғаны белгілі болды.
ҚР Әкімшілік кодексінің 204 бабына сәйкес белгіленбеген орында сауда жасау және қаланың абаттандыру қағидасын (505 бап) бұзғаны үшін түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Аудан әкімдігі тәртіпті өрескел бұзған кәсіпкерлік нысандарының иелеріне құзырлы мекеме тарапынан шара көрілетінін ескертеді.