Шымкентте жасөспірім үш спортшы суға кетіп қала жаздады

0
1 321

Жас спортшылардың бірінің аяғы тартылып қалса, екіншісі басқа спортшымен соқтығысып қалған.


Шымкентте жасөспірім үш спортшы суға кетіп қала жаздады

Шымкент қаласында өтіп жатқан спорттық шарада триатлон спортшылары суға кете жаздаған, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Бадам су қоймасында өткен Шымкент қаласының біріншілігінде үш жасөспірім спортшыны құтқарушылар құтқарып қалды.

Жарыс кезінде сағат 10 шамасында 2003 жылы туған жасөспірімнің жағадан 100 метр қашықтықта аяғы тартылып қап суға бата бастаған. Қайықтағы құтқару тобы дер кезінде байқап жас спортшыға көмекке келген.

Арада бір сағат өтпей-ақ 2008 жылы туған қыз бала қауіпсіздік техникасын сақтамай басқа спортшылармен соқтығысып суға батып кеткен. 11 жасар спортшы қызды құтқарушылар аман алып қалды.

Көп ұзамай тағы бір 2007 жылы туған спортшы қыз бала жүзу кезінде қатты шаршап суға батып кеткен. Өз күш мөлшерін бағамдай алмаған балауса спортшыны құтқарушылар уақытында байқап қап судан шығарып алған.

"Қаншалықты өз кәсібінің майталманы болсан да, судағы қауіпсіздік ережелерін, қауіпсіздік техникасын үнемі сақтаған жөн,"-дейді судан құтқарушылар.