Шымкенттегі ​«Фосфоршылар» Мәдениет үйі Жастар сарайына айналады

0
717

Талай жылдан бері түйіні тарқамаған мәселеге нүкте қойылды.


Шымкенттегі ​«Фосфоршылар» Мәдениет үйі Жастар сарайына айналады

Шымкент қаласында қараусыз қалған «Фосфоршылар» мәдениет үйі жыл соңына дейін қала әкімдігінің мемлекеттік коммуналдық меншігіне өтеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі жариялады.

Қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің Әл-Фараби ауданының есептік кездесуінде тұрғындар тарапынан «Фосфоршылар» сарайының бүгінгі ахуалы бойынша мәселе көтерілген еді. Халықтың сұранысын тыңдап, қала басшысы нысанға арнайы барып, жағдайымен танысқан болатын.
Нәтижесінде, қала әкімінің тапсырмасымен қалалық прокуратура мен мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментімен бірлесіп, ғимаратты қаланың коммуналдық меншігіне тез арада қабылдау бойынша нақты шаралар қабылданды. Яғни, талай жылдан бері түйіні тарқамаған мәселеге нүкте қойылды.
«Фосфоршылар» мәдениет үйі қаланың теңгеріміне өткен соң, ғимарат қайта құрылып, аумағына абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, көпфункционалды Жастар сарайы болып ел игілігіне қызмет етеді.