​Шымкенттегі жаңа есімдер үрдісі

0
73

2025 жылдың басынан бері Шымкентте 20 мыңнан астам нәрестеге туу туралы куәлік берілген.


​Шымкенттегі жаңа есімдер үрдісі

ERNUR.KZ. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Шымкент қалалық филиалы қалада дүниеге келген сәбилерге қойылатын ең танымал есімдер туралы қызықты мәлімет ұсынды.

Соңғы жылдары ата-аналардың талғамы өзгеріп, балаларға шығыстық мәні бар әдемі есімдер жиі қойылып жүр. Мысалы, қыздарға – Маруа, Хадия, Айсафи, ал ұлдарға – Омар, Әбу Бәкір, Ибрахим есімдері танымал бола бастады.
Сонымен қатар қазақы дәстүрлі есімдер де өз маңызын жоғалтпай келеді. Қыздар арасында – Көркем, Аяулым, Айкөркем, ал ұлдар арасында – Ертұлға, Әміре, Дарын есімдері жиі кездеседі.
«Әр есім – ата-ананың жүрек қалауынан туған ерекше таңдау. Ол баланың болашақтағы бейнесін қалыптастыруда үлкен рөл атқарады», – деп атап өтті Шымкент қалалық филиалының директоры Айнұр Тобаева.
Айта кетсек, туу туралы куәлікті рәсімдеуді қазір онлайн түрде де жасауға болады. 2025 жылдың басынан бері Шымкентте 20 мыңнан астам нәрестеге туу туралы куәлік берілген.