Шымкенттік дәрігерлер жүрегі тоқтап қалған нәрестені тірілтіп алды

0
2 412

Анасы 26 күндік сәбиіне аскөк суын берген.


Шымкенттік дәрігерлер жүрегі тоқтап қалған нәрестені тірілтіп алды

Шымкент дәрігерлері 26 күндік сәбидің өмірін сақтап қалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Атап айтсақ, жүрегі тоқтап қалған шақалақтың әкесі жедел жәрдем қызметкерлеріне қоңырау соғып, көмек сұраған. Ал, олар шақыртуға тоғыз минутта жетіп, оқиға орнына келген жедел жәрдем бригадасы сәбидің тыныс алмай жатқанын көреді және оның тірі екенінің белгілері байқалмаған.

Содан кейін, дәрігерлер бірден реанимациялық шараларды жасауға кірісіп, баланың өкпесін судан тазартқан және жасанды тыныс алдыру әрекетін жасапты. Нәтижесінде, арада 3 минут өткеннен кейін сәбидің жүрек соғысы пайда болып, тынысы қалпына келген.

Анасының айтуынша, ол 26 күндік аскөк суын берген. Ал, аскөк суын іше алмаған нәресте бірден шашалып, бет аузы көгере бастаған. Сосын, баласының жағдайын көрген анасы бірден 103-ге хабарласқан. Тиісінше, жүрек соғысы тоқтап қалған сәби аман қалды.

Сондай-ақ, жүрек соғысы пайда болғаннан кейін 103 сымтетігінің қызметкерлері сәбиді анасымен бірге қалалық балалар ауруханасына жеткізген. Дәрігерлердің сөзіне сүйенсек, қазіргі уақытта шақалақтың жағдайы жақсы. Бір екі күннен соң ақ халаттылар сәби мен анасын үйіне шығармақ.