Шымкенттік мұғалім оқушылардан неге кешірім сұрады

0
1 132

Педагог балалар мен олардың ата-анасынан кешірім сұраған.


Шымкенттік мұғалім оқушылардан неге кешірім сұрады

Шымкент мектептерінің бірінде оқушының бетінен ұрған мұғалім балалардың ата-анасынан кешірім сұрады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл оқиғаның мән-жайы "Астана" телеарнасының сюжетінде айтылды.

Сыныпта отырған оқушылардың бірі түсірген бұл видео кадрлардан педагогтың балаларға ұрысып, жұлқылап жатқандығын көруге болады. Ашуға булыққан мұғалімнің оларға жауапсыздығын айтып, ашуланып жатқандығын да аңғарасыз. Осы кезде сыныпқа тағы екі оқушы кіреді. Олардың бірі педагог қабырғаға итеріп жібереді де, екіншісіне қол жұмсайды.

Ал бұл оқиға мегаполистегі №83 мектебінде орын алыпты. Білім беру мекемесінде осы оқиғадан кейін дау шыққан. Өз балаларына қол көтерген ұстазға ата-аналар тарапы қатаң шара қабылдауды талап еткен екен.

Бейнежазбадағы ұстаз - география пәнінен сабақ беретін Батыр Күшбаев. 22 жастағы педагог өз кінәсін мойындады. Сол күні ашуға берілгенін, өкінетінін айтқан. Бұлай ашуға булыққан себебін де айтып берген. Мұғалімнің сөзінше, балалар жиі алдап, сабаққа кешігеді, түрлі сылтау айтады екен.

"Сабақ басталды. Бірде-бір бала болмады. Бұл балаларды мен үзілісте көргенмін. Олар "әжетханада болдық" деді. Бірақ олар әжетханадан шыққан. Сабаққа келсем, сыныпта ешкім болмады. 15 минуттан кейін бірақ келді. "Қайда болдыңдар?" деген сұрағыма "Әжетханада" деді. Бұл өтірікке менде дұрыс реакция болмады", - дейді мұғалім.

Алайда педагог балалар мен олардың ата-анасынан кешірім сұраған. Алайда бұл оны қатаң сөгістен құтқармады.