​Шымкенттік полицейлер «Баланың бақытты мекені – Отбасы» тақырыбында өткен дөңгелек үстелге қатысты

0
188

Дөңгелек үстел барысында жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды орналастыру бойынша алдағы жаңалықтар талқыланды.


​Шымкенттік полицейлер «Баланың бақытты мекені – Отбасы» тақырыбында өткен дөңгелек үстелге қатысты

Шымкент қаласында Ұлттық бала асырап алу агенттігінің ұйымдастыруымен «Баланың бақытты мекені – Отбасы» тақырыбында маңызды дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараға Шымкент қаласы полиция департаменті Тұран ауданы полиция басқармасының Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы Мұхтарқызы Айғаным, «Ұлттық бала асырап алу агенттігі» жобасының басшысы Рахметова Фарида, сондай-ақ денсаулық сақтау, әлеуметтік жұмыспен қамту басқармаларының, қорғаншылық органдарының өкілдері мен бұқаралық ақпарат құралдарының журналистері қатысты.

Іс-шараның басты мақсаты – Қазақстанда кәсіби қабылдаушы отбасы институтын енгізу жөніндегі заң жобасы туралы ақпарат беру, сондай-ақ осы саладағы өзекті мәселелер бойынша пікір алмасу болды. Қазіргі таңда бұл заң жобасы Мәжілістің жұмыс тобында қарастырылып жатыр.
Дөңгелек үстел барысында жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды орналастыру бойынша алдағы жаңалықтар талқыланды. Қатысушылар кәсіби қабылдаушы отбасы институтын әр қырынан қарап, бұл жүйенің тиімділігін арттыру жолдарын қарастырды. Отбасыларға төленетін ақы, ата-ананың жұмысы, сондай-ақ мүмкін болатын мәселелер кеңінен талқыланды. Сонымен қатар, кәсіби қабылдаушы отбасыларды сүйемелдеу және баланың құқықтарын қорғау мәселелері қызу пікірталас тудырды.
Іс-шараның қорытындысы бойынша мемлекеттік органдарға кәсіби қабылдаушы отбасы институтының маңыздылығы мен оның қоғамдағы рөлін түсіндіру мақсатында егжей-тегжейлі баяндама ұсынылды.
Бөлісу