Қалалық денсаулық сақтау басқармасындағылардың айтуынша, 37 жастағы жүргізуші жедел жәрдем қызметі жеткенше жан тапсырған.
Шымкентте көлік жүргізіп келе жатып, өзін нашар сезінген жүргізуші мерт болды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Куәгерлердің айтуынша, талмасы ұстаған ер кісі Toyota Camry-ді тізгіндей алмай, талға соғысқан.
Оқиға кеше кешкі уақытта Ақпан батыр және Мәметова көшелерінің қиылысында болған.
Қалалық денсаулық сақтау басқармасындағылардың айтуынша, 37 жастағы жүргізуші жедел жәрдем қызметі жеткенше жан тапсырған.
"Бізге жүргізушінің эпилепсиясы ұстады деген қоңырау келіп түсті. Он алтыншы бригада жолға шықты. Ақ халаттылар барғанда 1984 жылы дүниеге келген азаматтың биологиялық өлімі анықталды" - деді қалалық денсаулық сақтау басқармасының өкілдері.
Шымкент қалалық Полиция департаменті бұл оқиға жайында әзірге ресми пікір білдірмеді.
Ал көлік жүргізушісі куәлігін беретін Халыққа қызмет көрсету орталығындағылар азаматтың қашан, қалай куәлік алғанын анықтауға кірісті.