​ТЖ вице-министрі Шымкент мұнай өңдеу зауытында болды

0
71

Сапар барысында кәсіпорынның негізгі қызмет бағыттары, технологиялық үдерістері, даму жоспарлары мен қолданыстағы қауіпсіздік жүйелері таныстырылды.


​ТЖ вице-министрі Шымкент мұнай өңдеу зауытында болды

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министрі Ерболат Садырбаев Шымкент қаласына жұмыс сапары аясында «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС-не (ПҚОП) барып, кәсіпорынның өндірістік қызметімен танысты.

Шымкент мұнай өңдеу зауыты – өңір мен еліміздің экономикасында маңызды орын алатын стратегиялық өнеркәсіптік нысандардың бірі. Осыған байланысты кәсіпорында өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше мән беріледі.
Сапар барысында кәсіпорынның негізгі қызмет бағыттары, технологиялық үдерістері, даму жоспарлары мен қолданыстағы қауіпсіздік жүйелері таныстырылды. Сонымен қатар ықтимал авариялық жағдайлардың алдын алу және өндірістік тәуекелдерді барынша азайту шаралары қаралды.
Сапар қорытындысы бойынша нысан қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ықтимал қауіп-қатерлерді дер кезінде анықтау және төтенше жағдайларға дайындық деңгейін арттыру бағытындағы өзара іс-қимылды одан әрі нығайтудың маңыздылығы атап өтілді.
Бөлісу