Қарағаш көшетінің 87 мың данасы егілді.
Шымкентте қала тұрғындарының қатысуымен ағаш отырғызу шаралары жалғасуда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Көшет егу дәстүрін бұл жолы қаладағы Шымкент қаласы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына қарасты «Жасыл белдеу» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қолға алды.
Бұл ретте Кайнарбұлақ тұрғын алабында орналасқан 976 гектар жер учаскесін ағаш көшеттерімен толықтыру жұмыстары жүргізілуде.
Аталған жұмыстар бойынша қазіргі таңда 97 500 қарағаш көшетінің 87 мың данасы үстіміздегі жылдың 17 сәуірінен бастап, қазіргі күнге дейін егілді. Қалған 10 500 қарағаш көшетін егу жұмыстары мамыр айында толық аяқталады деп жоспарлануда.
Алдағы уақытта отырғызылған көшеттерді суару жұмыстары, су тасымалдаушы көліктермен жүргізіледі. Сонымен қатар 976 га жер учаскесінде орналасқан 20 га алма бауын қоршау жұмыстары толық аяқталды.