Кездесу барысында Жолдауды жүзеге асыру мәселелері талқыланды.
Шымкент қаласындағы №41 мектеп-лицейде ҚР Президентінің Жолдауы аясында білім саласының қызметкерлерімен арнайы кездесу өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
«Аманат» партиясы Шымкент қаласы Еңбекші аудандық филиалының сектор меңгерушісі Мұхтар Ақбердиев, мектеп мұғалімдері Жолдауды жүзеге асыру мәселелерін талқылап, білім саласына жүктелген міндеттер бойынша өзара пікір алмасты.
М.Ақбердиев Президент Жолдауындағы білім саласын ілгерілету, адам капиталын дамытудағы басым бағыттарға жан-жақты тоқталды. Еңбекші ауданында бұл бағытта барлық бастауыш партия ұйымдарында кездесулер ұйымдастырылуда.
– Жолдау аясындағы тапсырмаларды орындау бойынша ауданда бастауыш партия ұйымдары, мектепке дейінгі мекемелер, мектеп мұғалімдері белсенділік танытып келеді. Еліміздің болашағы – жас ұрпақты тәрбиелеуде ұстаздарға жүктелер міндет ауқымды. Алдағы уақытта партия мүшелерімен бірлесіп, жұмыстар атқарамыз, – деді М.Ақбердиев.
Мектеп директоры А.Сарымсақова білім саласына қатысты нақты тапсырмаларды бірлесе орындау қажеттігін айтты. Тарих пәнінің мұғалімдері Л.Мырзақұлова, И.Бақтыбаев білімді ұрпақты тәрбиелеу бойынша баяндама жасады.
Мектепке дейінгі ұйымдар, мектептердегі бастауыш партия ұйымдары, медициналық мекемелерде кездесулер одан әрі жалғасын табады.
Айта кетейік, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан универститетінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы Жолдауындағы маңызды мәселелерді іске асыру бойынша «Білімді ұлт-орнықты дамудың кепілі» тақырыбында жастармен кездесу өтті. Бас қосуға «Аманат» партиясының Шымкент қалалық филиалының төрағасының орынбасары Мұратәлі Қалмұратов, М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың әлеуметтік-тәрбие жұмысы жөніндегі проректоры, философия ғылымдарының кандидаты Сәкен Мәжінбеков және жоғары оқу орнының студенттері қатысты. «Аманат» партиясының Шымкент қалалық филиалының төрағасының орынбасары Мұратәлі Қалмұратов Жолдауда айтылған бағдарлардың маңыздылығына тоқталып өтті.