​2020 жылғы Олимпиадаға қазақстандық спортшылар Жапонияда дайындалады

0
1 384

Аталған келісім аясында жапондықтар отандық спортшылардың қайтарымсыз негізде жаттығу жасауына мүмкіндік береді.


​2020 жылғы Олимпиадаға қазақстандық спортшылар Жапонияда дайындалады

ERNUR.KZ.Қазақстан ҰОК 2020 жылғы Токио Олимпиадасына дайындық кезеңін Жапонияда өткізу туралы Меморандумға қол қойды, деп жазады Baq.kz ақпарат агенттігі.

ҰОК хабарлағандай, Жапонияның Фукуока префектурасындағы Курумэ қаласында Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитеті мен жапон тарабы 2020 жылғы Токио Олимпиадасының қарсаңында олимпиадалық құрамаларды дайындау туралы әріптестік меморандумға қол қойды.

«Жапониядағы Олимпиада ойындарының басталуына тура екі жыл уақыт қалғанда Қазақстан ҰОК спорт Дирекциясының басшысы Елсияр Қанағатов пен Фукуока губернаторы Хироши Огава, қала мэрі Цутому Окубо әріптестік туралы келісімді бекітті. Бұл келісім бойынша, спортшылар төртжылдықтың басты додасына сапалы дайындық кезеңін жүргізіп, атлеттер үшін маңызды саналатын акклиматизацияда өтуге мүмкіндік беріледі», - делінген хабарламада.

Маусым айында Курумэ қаласында 2020 жылғы ойындар қарсаңында ұлттық құрамаларды қабылдайтын, барлық халықаралық талаптарға жауап беретін жаңа көпсалалы спорт кешені ашылды. Кешенде ойын түрлеріне арналған барлық командалардың жаттығу жүргізуіне мүмкіндік бар.

Атап айтар болсақ, спорттық гимнастика, үстел теннисі, жекпе-жек түрлері, жеңіл атлетика және каноэмен ескек есушілерге барлық жағдай қарастырылған.

Аталған келісім аясында жапондықтар отандық спортшылардың қайтарымсыз негізде жаттығу жасауына мүмкіндік береді.