Жалпы 9 салмақта өтетін жарысқа Әлем және Азия чемпиондары келген.
ERNUR.KZ. Ордабасы ауданының Темірлан елді мекенінде Оңтүстік Қазақстан облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы мен Ордабасы ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен Қажымұқан Мұңайтпасұлының 147 жылдығына арналған қазақ күресінен дәстүрлі халықаралық турнир өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Биылғы турнирге қазақстандық балуандармен бірге Ресей, Өзбекстан, Тәжікстан мемлекеттерінен 230 ға жуық спортшылар қатысты. Жалпы 9 салмақта өтетін жарысқа Әлем және Азия чемпиондары келген.
"Түйе балуан" сайысының финалында шардаралық Ерсұлтан Мұзаппаров "Қазақстан барысы" атағына ие болған шығысқазақстандық Айбек Нұғымаровты жеңіп, автокөліке ие болды!
Өзге салмақтың жеңімпаздары мынадай:
55 келі. 1 - орын. Е. Алдухан (Алматы облысы), 2 - орын. Н. Тұтқышов. 3 - орын. С. Алмазұлы (ОҚО), Д. Ниетбай (Алматы қаласы)
60 келі. 1 - орын. М. Берекетов (СҚО), 2 - орын. Д. Оспан (Алматы қаласы), 3 - орын. Е. Еренғайпов (Алматы қаласы), А. Сейіпұлы (СҚО)
66 келі. 1 - орын. Ғ. Қырғызбаев (Алматы қаласы), 2 - орын. О. Лесбеков (Алматы қаласы), 3 - орын. К. Ысқақов (СҚО), Е. Қуанбай (Қарағанды).