Алғаш рет ұйымдастырылып отырған турнирге 150 ге жуық қатысушылар келген.
ERNUR.KZ 1 маусым халықаралық балаларды қорғау күніне орай Бадам су қоймасында байдарка және каноэде есуден Шымкент ашық турнирі басталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.
Жарыста Шымкент, Оңтүстік Қазақстан облысының құрама командасы мен Қырғызстаннан келген спортшылар бақ сынады. Алғаш рет ұйымдастырылып отырған турнирге 150 ге жуық қатысушылар келген. Ашылу салтанатында облыстық байдарка және каноэ федерациясының президенті Денис Жәрменов қатысып, жас спортшыларды мерекемен құтықтап оларға сәттілік тіледі.
Ұйымдастырушылар келесі жылы турнирдің деңгейін көтеріп, Өзбекстан, Тәжікстан секілді көрші елдердің спортшыларында шақыру ниетінде. Жарыс жеңімпаздары 2 маусым күні анықталады.