Бейбіт Шүменов ресми түрде чемпион титулынан айырылды

0
1 321

Отандық боксшы кезекті жарақатының салдарынан кездесуге дайындала алмай қалған.


Бейбіт Шүменов ресми түрде чемпион титулынан айырылды

ERNUR.KZ. WBA әлемдік бокс ассоциациясы барлық салмақ өкілдерінің жаңартылған рейтингісін жариялады. Оған сәйкес, отандық боксшы Бейбіт Шүменов өзінің чемпион титулынан ресми түрде айырылып қалды деп жазады kaz.nur.kz.

WBA-ның жаңартылған рейтингісі бойынша Бейбіт Шүменов бірінші ауыр салмақтағы тұрақты чемпион титулынан ресми түрде айырылды. Бұл салмақ дәрежесіндегі жаңа чемпион болып франциялық боксшы Арсен Гуламирян атанды. Айта кетерлігі, бұл спортшымен Шүменов 11 мамыр күні жекпе-жек өткізуі тиіс болған.

Отандық боксшы кезекті жарақатының салдарынан кездесуге дайындала алмай, ақыр-соңы жұдырықтаспауға шешім қабылдады.

Енді Шүменов "демалыстағы чемпион" атағына дейін төмендетілді. Бұл атақ оған титулды жекпе-жекті қалаған уақытында өткізуге мүмкіндік береді.