Бейжің Олимпиадасында тау шаңғысынан сынға түсетін қазақстандықтар анықталды

0
1 208

Тау шаңғысынан Қазақстан командасында слалом және гигантты слалом бойынша үш квота бар.


Бейжің Олимпиадасында тау шаңғысынан сынға түсетін қазақстандықтар анықталды

ERNUR.KZ. Тау шаңғысынан Қазақстан командасының бас бапкері Бейжің Олимпиадасына жолдамалардың қалай үлестірілгенін айтты, деп жазады olympic.kz.

Тау шаңғысынан Қазақстан командасында слалом және гигантты слалом бойынша үш квота бар. Олимпиадаға ерлер арасынан Захар Кучин қатысады, ал әйелдер арасындағы бір жолдамаға Александра Троицкая мен Каролина Лата үміткер. Бас бапкер Алексей Шубиннің айтуынша, әйелдер арасынан Бейжіңге кімнің баратыны бақылау жаттығуында шешіледі.

«Бізде әлі күнге дейін квоталарды бөлу процесі жүріп жатыр. Қазіргі сәтте Захар Кучиннің жолдамасы ресми түрде расталғанын айта аламыз. Захар Шығыс Қазақстан облысынан шыққан тәжірибелі спортшы. Ол 2017 жылғы Азия ойындарына, 2017-2019 жылдардағы Универсиадаға, құрлықтық турнирлер мен чемпионаттарға қатысқан. Қазір ол Олимпиада алдындағы соңғы жаттығуларын өткізіп жатыр.
Әйелдер арасында жолдамаға Александр Троицкая мен Каролина Лата үміткер. Екеуінің бірі барады. Троицкая 2020 жылғы жасөспірімдер Олимпиадасының қатысушысы. Соңғы шешімді біз бақылау жаттығуында қабылдаймыз. Қазір Шымбұлақта дайындық өтуде, бәрінің де денсаулығы жақсы», - деді бас бапкер.

Айта кетелік, 19 қаңтардағы мәлімет бойынша, биатлон, шаңғы жарысы, фристайл, конькимен жүгіру спортынан іріктеу аяқталды. Ал шорт-тректен Олимпиадаға қатысатын спортшылар құрамы жарияланды.