Айбек Оралбай (92 келі) өзбекстандық Мадияр Саидрахимовпен шеберлік байқасты.
ERNUR.KZ. Сербия астанасы Белград қаласында өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында қазақстандық Айбек Оралбай қарсыласына есе жіберді, деп жазады ҚазАқпарат.
Айбек Оралбай (92 келі) өзбекстандық Мадияр Саидрахимовпен шеберлік байқасты. Ол Өзбекстанда тұратын ұлты қазақ спортшы.
Бірінші раундта Айбек қарсыласын бір мәрте нокдаунға жіберіп үлгерді. Екінші раундта оның өзі нокдаунға түсіп қалды. Үшінші раунд тең дәрежеде өтті. Нәтижесінде Мадияр Саидрахимов жарысты жалғастыруға мүмкіндік алды.
Айбек бұған дейін польшалық Матеуш Березницкиді жеңген болатын.
Айта кетсек, 31 қазанда ел құрамасынан Махмуд Сабырхан (54 келі) мен Саматәли Төлтаев (60 келі), Асланбек Шымбергенов (71 келі) жарысты жалғастыруға мүмкіндік алды.
Еске сала кетсек, әлем чемпионатына ел құрамасының сапында 13 боксшы барды.
Олардың арасынан бұған дейін Бек Нұрмағамбет (86 келі) пен Нұрлан Сапарбай (92 келі) қарсыластарына жол берді.