31 жастағы Елеусінов 2016 жылы Олимпиадада алтын жүлде жеңіп алған еді. Кәсіпқой бокста ол 11 жекпе-жектің барлығында жеңіске жетті.
ERNUR.KZ. Жартылай орта салмақтағы IBO белбеуінің иегері Данияр Елеусіновтің украиналық Иван Голубке қарсы кездесуі кейінге шегерілді, деп жазады vesti.kz.
"Жартылай орта салмақтағы (66,7 келі) IBO белбеуінің иегері қазақстандық Данияр Елеусінов (11-0, 6 КО) пен украиналық Иван Голуб (20-1, 15 КО) арасындағы жекпе-жек бұған дейін жоспарланғандай 25 маусымда өтпейді. Одан шамалы кеш болады. Айқастың нақты қашан өтетіні әлі белгісіз", - деп жазады дереккөз.
Айта кетейік, 31 жастағы Елеусінов 2016 жылы Олимпиадада алтын жүлде жеңіп алған еді. Кәсіпқой бокста ол 11 жекпе-жектің барлығында жеңіске жетті. Отандасымыз соңғы айқасын 2021 жылдың желтоқсанында өткізіп, аргентиналық Хуан Эрнан Леальді жеңді.
33 жастағы Голуб болса кәсіпқойда 21 кездесу өткізіп, 20 жекпе-жекте жеңіске жеткен. Голуб соңғы жекпе-жегін өткен жылдың тамызында өткізіп, америкалық Эрик Уолкерден үстем түсті.