Елена Рыбакина ресми түрде әлемнің төртінші ракеткасы атанды

0
425

Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) жеке және жұптық сайыстардың жаңартылған рейтингін жариялады.


Елена Рыбакина ресми түрде әлемнің төртінші ракеткасы атанды

ERNUR.KZ. Осылайша, жекелей сында қазақстандық теннисші Елена Рыбакина әлемдік классификацияда рекордтық төртінші орынға көтерілді. Рыбакина Римдегі турнирдегі жеңісінің арқасында рейтингте жоғарылады, деп жазады inbusiness.kz.

Сондай-ақ, тағы бір қазақстандық Юлия Путинцева он позиция төмендеп кетті, ол 61-орында тұр.

Үздік үштікте өзгеріссіз: Ига Свентек (Польша), Арина Соболенко (Беларусь) және Джессика Пегула.

Жұптық сында үздік қазақстандық теннисші Анна Данилина 26-орыннан 24-орынға көтерілді.