Футболдан Мысыр құрамасына жаңа бас бапкер тағайындалды

0
693

68 жастағы маман бұл қызметте Хоссам Эль-Бадриді алмастырды.


Футболдан Мысыр құрамасына жаңа бас бапкер тағайындалды

ERNUR.KZ. Португалиялық жаттықтырушы Карлуш Кейруш Египет құрамасын тізгіндеді, деп жазады kaz.vesti.kz.

68 жастағы маман бұл қызметте Хоссам Эль-Бадриді алмастырды. Мысыр құрамасы қазіргі уақытта 2022 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңінің F тобында екі ойында 4 ұпай жинап, екінші орында тұр.

Кейруштің соңғы рет 2019 жылдың ақпанынан 2020 жылдың желтоқсанына дейін Колумбия құрамасын жаттықтырды. Ол кезде Колумбия әлем чемпионатының іріктеу кезеңінің төрт турында 4 ұпай жинап, жетінші орынға табан тіреді. Колумбияға дейін Кейруш Иран, Португалия, Оңтүстік Африка, Біріккен Араб Әмірліктері, "Спортинг" және басқа командаларды баптады, сонымен қатар "Манчестер Юнайтедтің" жаттықтырушылар штабында болды.