Грек-рим күресінен жастар арасындағы ел чемпионаты аяқталды

0
3 840

Спортшылар қалыптасқан жағдайға байланысты жылдан аса уақыт ешқандай бәсекеге қатыспаған.


Грек-рим күресінен жастар арасындағы ел чемпионаты аяқталды

ERNUR.KZ. Ақтөбеде грек-рим күресінен жастар арасындағы ел чемпионаты аяқталды. Жарыстың соңғы күні 4 салмақ бойынша чемпиондар анықталды, деп жазады 24.kz.

Атап айтқанда, 72 келіге дейінгілер арасында Алматы облысынан келген Әлихан Көкенов, ал 82 келіде оның жерлесі Диас Қален топ жарды. Ауыр салқмата жамбылдық Дәулет Досыбаев қарсылас шақ келтірмеді.

Ал, аса ауыр салмақата павлодарлық Антон Савенко чемпион атанды. Ішкі біріншілік нәтижесінде ұлттық құрама жасақталып, алдағы халықаралық жарыстарға дайындалады.

Айта кетейік, бұл спортшылар қалыптасқан жағдайға байланысты жылдан аса уақыт ешқандай бәсекеге қатыспап еді.