Жартылай финалда Исламханның командасы сырт алаңда "Әл-Шаржаны" 3:2 есебімен жеңді.
ERNUR.KZ. Қазақстан құрамасының капитаны Бауыржан Исламхан "Әл-Айн" сапында алғашқы голын соғып, командасына БАӘ Президенті кубогының финалына шығуға көмектесті, деп жазады tengrinews.kz.
Жартылай финалда Исламханның командасы сырт алаңда "Әл-Шаржаны" 3:2 есебімен жеңді. 4-минутта венгр Балаш Джуджак "Әл-Айнды" алға шығарған, Исламхан 32-минутында алыстан әдемі гол соқты.
Ал 38-минутта "Әл-Айн" сапынан Кайо Корреа көзге түсті. "Әл-Шаржа" сапынан 12-минутта Маркус Мелони, 42-минутта Лукас Кайо гол соқты.