Даудың басы неден басталғаны белгілі болды.
Фото: Видеодан скрин
ERNUR.KZ. Алматының «Қайрат» футбол командасы Түркияда оқу-жаттығу жиындарын өткізіп, Боснияның чемпионы «Борац» командасымен жолдастық кездесу өткізді, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Есеп 0:0 күйінде қалып, қос команда тең тарқасты. Бір айта кетерлігі, «Борац» командасы кездесудің соңында пенальтиді орындай алмай қалды.
Төрешінің ысқырығы естілгеннен кейін қос команданың ойыншылары жаппай төбелесті. Даудың басы «Қайрат» ойыншысының басымен қарсыласының бетінен ұрып жібергенінен басталған.
Айта кетейік, «Борац» – Босния және Герцоговинаның қазіргі чемпионы.