Қазақстандық бапкер португалиялықтарға футболдың қыр-сырын үйретеді

0
961

Португалияға шақырту алған тұңғыш қазақстандық бапкер.


Қазақстандық бапкер португалиялықтарға футболдың қыр-сырын үйретеді

ERNUR.KZ. Португалияның Паредиш қаласының жас аяқдопшылары футболдың қыр-сырын қазақстандық бапкерден үйренбек, деп жазады altaynews.kz.

Өткен аптада 33 жастағы отандасымыз Александр Кузнецов «Academy Bsports» клубына ауысып, Португалияға шақырту алған тұңғыш қазақстандық бапкер атанған еді.

Айта кетейік, аталмыш клуб Португалияның кәсіпқой лигасында өнер көрсетеді. Кузнецов бұған дейін еліміздің U-17 және U-19 санатындағы жастар құрамаларын баптап, олармен бірге 2016 жылы Қазақстан Президенті кубогын, сондай-ақ Ресейде өткен «Гранаткин мемориалы» халықаралық турнирінің күміс жүлделерін жеңіл алған болатын. Дәл осы маманың тұсында «Қазақ Мессиі» атанып кеткен талантты жас Еркебұлан Сейдахметтің жұлдызы жанған еді.

Осы ретте Кузнецов Пиреней түбегіндегі қызметімен қатар, 21 жасқа дейінгі футболшылардан құралған ел құрамасын жаттықтырушысы міндетін де алып жүрмек.

Александрдың айтуынша, ол португалиялық клубқа өзімен бірге екі жас ойыншыны – Ақжол Әбдірахманов пен Валерий Вальмериді де ала келіпті.

"Бұл – болашағынан көп үміт күттіретін жастардың кәсіпқой футболшы ретінде қалыптасуына көмектесетін ерекше мүмкіндік" - дейді бапкердің өзі.