Қазақстан намысын Данил Мұсабаев пен Роман Барков қорғаған болатын.
ERNUR.KZ. Италияның Брешиа қаласында батуттағы гимнастикадан әлем кубогі кезеңі өтіп жатыр. Аталған сында отандық гимнастар да бақ сынауда деп жазады olympic.kz.
Қазақстан намысын Данил Мұсабаев пен Роман Барков қорғаған болатын. Синхронды секіруде олар турнирдің күміс жүлдегері атанды.
Айта кетелік, кеше өткен жекелей сында Данил Мұсабаев 13-ші, Роман Барков 17-ші орыннан көрініп, финалдан сырт қалған болатын.