Жарыс алдында Луценко бұл оның осы маусымдағы соңғы жүрісі екенін айтқан болатын.
ERNUR.KZ. Қазақстандық "Астана" велошабандозы Алексей Луценко екінші рет қатарынан жарыста жеңіске жетіп отыр. Ол италиялық "Серениссима Гравел" қиыршық тас жолында жеңіске жетті, деп жазады Tengrinews.kz
Луценкодан бөлек, "Астана" үшін үш италиялық шабандоз - Фабио Феллине, Самуэле Баттистелла және Давиде Мартинелли өнер көрсетті.
Жарыс алдында Луценко бұл оның осы маусымдағы соңғы жүрісі екенін айтқан болатын. 11 қазанда велоспорттан Қазақстан құрамасының көшбасшысы Италияның Ломбардия провинциясының жолымен Лиссон қаласының маңында өткен Coppa Agostoni жарысының жеңімпазы атанған.