Бұған дейін елде вирустың таралуына байланысты италиялық А серияның 25 турының төрт матчы тоқтатылған еді.
ERNUR.KZ. Бұндай шешімге Италиядағы коронавирустың өршуі себеп болған, деп жазады ҚазАқпарат.
Еуропа лигасының 1/16 финалының «Интер» - «Лудогорец» командалары арасында болатын қарымта ойыны көрерменсіз өтеді, деп хабарланды Болгария командасының ресми сайтында.
Мұндай шешім Италиядағы коронавирустың өршуіне байланысты қабылданды. Бұған дейін елде вирустың таралуына байланысты италиялық А серияның 25 турының төрт матчы тоқтатылған еді. Сондай-ақ әуесқой және жастар лигасында 42 матч кейінге қалдырылды.