Академиялық ескек есу спортының облыста дамып келе жатқанына бірнеше жыл болғандықтан бұл біз үшін үлкен жетістік.
ERNUR.KZ Шымкенттегі Бадам су қоймасында академиялық ескек есуден Қазақстан чемпионаты өз мәресіне жетті - деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.
Қаламызда екінші рет өткен турнир 2 күнге жалғасты. 12 жұп медаль сарапқа салынған турнирдің қортындысы бойынша жалпы командалық есепте Астана командасы 3 – орынды иеленді.
Екінші орында Қарағанды, ал Батыс Қазақстан құрама командасы Қазақстан чемпионатының жеңімпазы атанды.
Осы орайда айта кетсек, ОҚО құрама командасы 4 – орыннан көрінді. Турнир қожайындары 1 күміс, 4 қола медалін жеңіп алды. "Академиялық ескек есу спортының облыста дамып келе жатқанына бірнеше жыл болғандықтан бұл біз үшін үлкен жетістік", - дейді ОҚО Байдарка мен канаоэде есу федерациясының президенті Денис Жәрменов.