Париж-2024: Қазақстандық ескекші ширек финалға шықты

0
354

Париждегі олимпиада ойындарында 1000 метрге байдаркада есуден ерлер арасындағы іріктеу турнирі өтті.


Париж-2024: Қазақстандық ескекші ширек финалға шықты

ERNUR.KZ. Ескек есуден Париж олимпиадасында ел намысын қорғайтын Бекарыс Раматулла ширек финалға жолдама алды, деп жазады stan.kz.

Париждегі олимпиада ойындарында 1000 метрге байдаркада есуден ерлер арасындағы іріктеу турнирі өтті. Бұл спорттан өнер көрсеткен Бекарыс Раматулла өз тобында мәреге алтыншы болып келді. Енді ол турнирдің ширек финалында сынға түседі. Ширек финалда алғашқы екі орынға ие болған жағдайда тікелей жартылай финалға жолдама алады.

Айта кетейік, бүгін Париж олимпиадасында өнер көрсететін спортшыларымыздың екеуі алтын жүлдеге таласады. Демеу Жадыраев пен боксшы Нұрбек Оралбай алтын жүлде үшін айқасады.