ERNUR.KZ. 2018 жылдың 17-18 ақпан аралығында Шымкентте каратэден жасөспірімдер мен кадеттер арасында «Болашаққа бағдар: «Рухани жаңғыру» және Астананың 20 жылдығына орай республикалық турнир өтті. Жарысқа 7 облыс командаларының құрамында 280-ге жуық каратэшілер келген.

Қатысушылар ката және кумите бағдарламасы бойынша кіл мықтыны анықтады. Турнирдің регламенті бойынша екі спортшы татамиге шығып, шеберлігін көрсетеді. Ал, жаттығуларды қатесіз орындаған қатысушылар төрешілердің шешімі бойынша жеңімпаз деп табылады.
Жарыстың қортындысы бойынша Қызылорда облысының каратэшілері 3-орыннан көрінді. Ал, Алматы облысының командасы екінші орында. Турнирде мықтылығын байқатқан Оңтүстік Қазақстан облысының каратэшілері кумите бағдарламасы бойынша 12 алтын, ката бағдарламасында 3, кадеттер арасында 10 алтын меделімен жалпы командалық есепте бірінші орынды иеленді.