ОҚО құрама командасының белді мүшесі Владислав Яковлев Азия ойындарына дайындалып жатқандықтан турнирге қатыса алмады. 2017 жылы Азия чемпионы атанған Яковлев қазіргі таңда Германиядағы оқу - жаттығуларда.
ERNUR.KZ Шымкенттегі Бадам су қоймасында академиялық ескек есуден Қазақстан чемпионаты басталды. Ашылу салтанатында ОҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Әлібек Нұртаев қатысып спортшыларға сәттілік тіледі, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.
Жарысқа Астана, Теміртау, Қарағанды, Батыс және Оңтүстік Қазақстаннан 100 ге жуық атлеттер келген. Екі күн жалғасатын сайыстарда жастар және ересектер арасында 12 жұп медаль сарапқа салынады. Жеңімпаздар 200 мертге жекелей және жұп сында бақ сынайтын болады.
ОҚО құрама командасының белді мүшесі Владислав Яковлев Азия ойындарына дайындалып жатқандықтан турнирге қатыса алмады. 2017 жылы Азия чемпионы атанған Яковлев қазіргі таңда Германиядағы оқу - жаттығуларда.
Осы орайда айта кетсек, ағымдағы жылда қаламызда су спортынан бірнеше ірі турнирлер өтті. Наурыз айының соңында желкенді спорттан ал, сәуір айында параканоэден Қазақстан кубогы ұйымдастырылды. Жарыстың жеңімпаздары 20 мамыр күні белгілі болады.