​Тимур Хайдаров күміс, ағалы-інілі Емельяновтар қола медаль жеңіп алды

0
1 331

Каноэде екілік сында 200 метрлік сайыста 3 ОҚО спортшылары Әлем кубогының жүлдегері атанды.


​Тимур Хайдаров күміс, ағалы-інілі Емельяновтар қола медаль жеңіп алды

ERNUR.KZ. Германияның Дуйсбург қаласында байдарка және каноэде есу спортынан Әлем кубогының II айналымы өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Каноэде екілік сында 200 метрлік сайыста 3 ОҚО спортшылары Әлем кубогының жүлдегері атанды. Тимур Хайдаров (ОҚО) және Мерей Медетов (Қызылорда) күміс медалін жеңіп алды. Сондай ақ сайыста облыстық су спорты мектебінің атлеттері аға - інілі Сергей мен Тимофей Емельяновтар мәре сызығына 3 - болып жетіп келіп, қола меделіна ие болды. Алтын медалі ресейлік Иван Штыль мен Александр Коваленкоға бұйырды.

Ал, қыздар арасында ОҚО спортшысы Инна Клинова 200 метр қашықтықта екінші финалда бақ сынап, мәре сызығын 11 - болып кесіп өтті.