Юлия Путинцева әлемнің бірінші ракеткасын жеңді

0
910

Бір сағаттан аса уақытқа созылған ойында Путинцева 6:2, 6:3 есебімен қарсыласының осал тұсын тапты.


Юлия Путинцева әлемнің бірінші ракеткасын жеңді

ERNUR.KZ. Ұлыбританияның Бирмингем қаласында өтіп жатқан WTA санатындағы турнирде қазақстандық Юлия Путинцева әлемнің бірінші ракетасы жапониялық Наоми Осаканы жеңді, деп жазады baq.kz.

Путинцева 1/8 финалда әлемнің бірінші ракетасы, Жапониядан келген Наоми Осакамен кездескен болатын. Бір сағаттан аса уақытқа созылған ойында Путинцева 6:2, 6:3 есебімен қарсыласының осал тұсын тапты.

Енді, бүгін германиялық Юлия Гергес жартылай финалдың жолдамасын сарапқа салады. Қарсыласы – кеше ресейлік Евгения Родинаны жеңді. Гергес әлемдік рейтингте 19-орында орналасқан.

Екеуі бұған дейін өзара үш рет кездескен. Оның барлығында қарсыласының жолы болған. 24 жастағы Путинцева әлемдік рейтингте 43-сатыда.